|
Баяндамашының аты-жөні |
Рыщанова Раушан Миранбайқызы |
|
|
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
|
Лауазымы |
Профессор |
|
Жұмыс орны |
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ |
|
Баяндаманың атауы |
Қостанай облысындағы жануарлар және тағамдық азық-түліктерден бөлінген микроорганизмдердің микробқа қарсы төзімділігі: Бірыңғай денсаулық концепциясы және биоқауіпсіздік үшін қауіп-қатерлер. |
|
Қысқаша өмірбаяны |
Профессор, ветеринария саласының PhD докторы, ғылыми зерттеулері классикалық және молекулярлы микробиология, иммунология, ветеринарлық фармакология және тағамдық азық-түліктердің қауіпсіздігі саласына бағытталған. 40 жылдан аса кәсіптік тәжірибесі бар, оның ішінде 31 жыл Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде ғылыми-педагогикалық жұмыс жасаған. Ветеринар дәрігерден бастап аға дәріскерге дейінгі жолды өткен, кафедра меңгерушісі, ғылым бөлімінің бастығы және ғылыми-инновациялық орталықтың меңгерушісі, қазіргі таңда қолданбалы биотехнология ҒЗИ ғылыми қызметкері болып табылады. Ветеринарлық фармакология және уланулар бойынша дәрістер оқиды, докторантура сабақтарын жүргізеді. 17 магистр және 3 PhD докторын дайындаған, қазіргі уақытта тағы да екі PhD доктордың ғылыми жетекшісі. 2020 жылдан бастап ветеринария мамандығы бойынша диссертациялық кеңесті басқарады, 12 ғылыми жобаның орындаушысы әрі жетекшісі, Q1-Q3 (24), Хирш индексі – 8 журналының мақалаларын қосқанда 100 ден аса жариялынымдардың авторы. 12 патент, 3 монография және 5 оқу-әдістемелік жұмыстарының авторы. «ҚР ғылымды дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен және басқа да республикалық, облыстық марапаттармен марапатталған. |

