|
Баяндамашының аты-жөні |
Қалиева Шолпан Сабатайқызы |
|
|
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
|
Лауазымы |
Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдардың кандидаты, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры |
|
Жұмыс орны |
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ |
|
Баяндаманың атауы |
|
|
Қысқаша өмірбаяны |
Профессор Қалиева Шолпан 1995 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қарағанды Мемлекеттік медицина институтын үздік бағамен бітірген. 2005 жылы «Фармакология, клиникалық фармакология» мамандығы бойынша диссертация қорғаған. 2011 жылдан бастап — қауымдастырылған профессор, 2018 жылдан бері — жоғарғы санаттағы дәрігер-клиникалық фармаколог, 2025 жылдан бастап — ҚР жоғарғы оқу және ғылым Министрлігінде медициналық ғылымдар бойынша профессор. Шолпан Сабатайқызы «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтардың кәсіптік қауымдастығы» РҚБ Вице-президенті; TAG AWaRe ДДСҰ Техникалық кеңес топтарының сарапшысы; ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығы тәуелсіз сарапшылар комиссиясының мүшесі; Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс клиникалық фармакологы; ҚР ДСМ сапа бойынша бірлескен комиссияның мүшесі. |
