Лидер Людмила Александровна

Баяндамашы аты-жөні

06

Лидер Людмила Александровна

Email

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Лауазымы

«Жануарлар және ветеринария ғылымдары» институтының профессор м.а.

Жұмыс орны

КС. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Баяндаманың атауы

«Бір денсаулық» тұжырымдамасы аясында ветеринария бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту

Қысқаша өмірбаяны

Лидер Людмила Александровна — ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Жануарлар және ветеринария ғылымдары» институтының профессор м.а., С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің оқытушысы.
Туған күні: 1976 жылғы 8 қаңтар (Целиноград қ.).

Білімі:

· №11 химия-биология лицейін бітірген (1993).

· «Ветеринария» мамандығы бойынша Ақмола ауыл шаруашылығы институтын үздік бітірген (1998).

· С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың аспирантурасы (2000–2003).

· Ветеринария ғылымдарының кандидаты (2004), ҚР БҒМ доценті (2010).

Кәсіби қызметі:

· Жұқпалы аурулар кафедрасында стажер-зерттеуші (1998–2000).

· Ассистент (2003–2005), аға оқытушы (2005–2010), «Ветеринариялық медицина» кафедрасының доценті (2010–2024).

· 2024 жылдан бастап — «Жануарлар және ветеринария ғылымдары» институтының профессор м.а.

Ғылыми жетекшілік:
1 докторант, 9 магистр және 30-дан астам бакалавр дайындаған; қазіргі уақытта 2 магистрант пен 1 PhD докторантқа жетекшілік етеді.

Стажировкалар, халықаралық бағдарламалар:
DAAD, Erasmus Mundus, Erasmus+ стипендия иегері; Германия, Швейцария, Ресей, Франция, Қытай, Түркия, Латвия, Өзбекстан, Әзербайжанда көп мәрте тағылымдамадан өткен.

Ғылыми жобалар:
ҚР АШМ және ҚР БҒМ халықаралық және республикалық ғылыми жобаларының қатысушысы.
ҚР БҒМ грантының жетекшісі (2023–2025) — мысықтардың зооноздық паразиттерінің генетикалық алуан түрлілігін зерттеу.

Ғылыми жетістіктер (соңғы 10 жыл):
5 патент, 3 оқу құралы, өндіріске арналған 5 ұсыным.
50-ден астам ғылыми мақала, оның ішінде 23 — Scopus және Web of Science журналдарында. Хирш индексі: 5.
2013 ж. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, 2024 ж. ҚР АШМ Құрмет грамотасы.