|
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ды 2011ж, бітірген, Манчестер Университетінде Болашақ стипендиясы бойынша магистратура (MSc Medical Microbiology) 2021 ж.
ҰЭО-да, Астана қаласының балалар көпсалалы стационарында да клиникалық микробиолог/бактериолог дәрігердің (жұмыс өтілі 6-7 жыл) жұмыс өтілі бар.
2022-2023 жылдары ҚР ДСМ бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
Клиникалық микробиология бойынша әртүрлі халықаралық қауымдастықтардың мүшесі-ESCMID (Young scientist member, Local Champion & Reviewer), ASM (Global outreach member).
2022 жылы Хорватияда ESCMID және 2024 жылы Швецияда ECDC ұйымдастырған бірқатар халықаралық тағылымдамалар мен тренингтер өтті. "Dzensaulyq" жобасының командасының мүшесі болды, ол 2024 жылы AMR ақпараттық науқанын жүзеге асыру үшін The Trinity Challenge (Ұлыбритания) грантын жеңіп алды.
|